Түркістан
EN

Кесененің келешегі талқыланды

84
17.04.2026


Әлемде теңдесі жоқ Қожа Ахмет Ясауи кесенесін мұражайландыру, қайта қалпына келтіру және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – еліміз үшін аса маңызды. Осы мақсатта Түркістанда халықаралық деңгейдегі семинар-тренинг ұйымдастырылды. Жиында кесенені сақтау, ғылыми зерттеу және туристік әлеуетін арттыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ мамандар нысанның қазіргі жай-күйіне баға беріп, оны қорғау бағытындағы жұмыстарды жетілдіру жолдарын ұсынды.