Биыл 10 елді мекен табиғи газға қосылады

7
2026-04-17

Елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Энергетика министрлігінің дерегінше, биыл республика аумағында 40 ірі жоба іске асырылуда. Нәтижесінде, жыл соңына дейін 10 елді мекендегі 32 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынның игілігін көре бастайды. Қазіргі таңда республика бойынша 13 миллион адам орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған. Жаңа жобалар батыс, оңтүстік, солтүстік және орталық өңірлерді қамтып отыр. Сонымен қатар, стратегиялық маңызы бар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жұмыстары да жоспарға сай жүріп жатыр. Қазір құрылыстың бірінші кезеңі аяқталуға жақын.