Күн электр станциясы салынуда

8
2026-04-17

Сауран ауданында қуаттылығы 300 МВТ күн  электр станциясы салынып жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров маңызды жобаның құрылысына жауапты инвесторлармен жүздесіп, оны іске асыру барысын талқылады. Станция заманауи энергия үнемдейтін күн панельдерімен жабдықталады. Қосалқы станцияда әрқайсысының қуаты 400 МВА болатын екі трансформатор орнатылады. Құрылысына 500-ге жуық азамат жұмылдырылады деп жоспарланған. Бұл ретте жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту және кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелеріне басымдық беріліп отыр. Жоба келесі жылы толық аяқталып, пайдалануға берілмек.