Биыл көрнекті қоғам қайраткері, алаш зиялысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл. Мерейтойға орай, Шымкент қаласында ауқымды шығармашылық байқау басталған болатын. Бүгін сол қаламгерлер бәсекесінің жеңімпаздары анықталды. Екі кезеңнен тұратын сайысқа 80-нен аса өтінім түскен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғам қайраткерінің шығармашылығы мен өмірі жайлы ой толғағандардың көбі жастар. Сондықтан жауаптылар алдағы уақытта ұлт ағартушыларының мерейтойына орай түрлі байқау ұйымдастыруды жалғастырмақ.