Түркістан облысында егістік алқаптарындағы сорды шаю үшін 400 млн текше метр су жіберілді. Ағын су Жетісай ауданындағы 53 мың гектар, Мақтаарал ауданындағы 41 мың гектар аумаққа берілді. Оған қоса Шардара ауданындағы 8 мың гектардан аса жерде топырақты ылғалдандыру жүргізіліп жатыр. Ол үшін 262 млн текше метр су берілген. Сор шаю жұмыстары былтыр желтоқсан айында басталған. Қазір бұл жұмыс толықтай аяқталды.