Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы бір жылда 9 пайызға өсті

11
2026-04-16

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 9%-ға өсті. Алда саларалық ынтымақтастықты арттырып, инвестициялық жобаларды көбейту міндеті тұр. Астанада Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаздың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде екі ел арасындағы экономикалық байланыстың қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды. Жиында тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау салаларында бірлескен жұмысты тереңдетуге уағдаласты.