Түркістанда алимент бойынша берешек көлемі 1 миллиард теңгеден асып кеткен. Ал мемлекет пайдасына өндірілуі тиіс қарыз 700 миллион теңгеге жуықтады. Осыған байланысты қала аумағында «Борышкер» рейдтік іс-шарасы өтіп, жауапсыз азаматтарды анықтау жұмыстары күшейтілді. Рейд нәтижесінде бір күннің ішінде 23 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, айыппұл және салық берешегі бар екі автокөлік анықталып, арнайы автотұраққа қойылды. Одан бөлек, рейд барысында салық қарызы бола тұра, көлік тізгіндегендер анықталып, 582 мың теңге берешегі өндірілді.