Жалған қызмет үшін ақы төленген

6
2026-04-15

Түркістандағы жекеменшік емханалардың бірінде офтальмологтан бастап онкологқа дейінгі 20-ға жуық маман лицензиясыз қызмет көрсетіп келген. Тіпті, олар қағаз жүзінде 28 мыңнан астам консультация өткізіп, мемлекеттен 91 миллион теңге алған. Прокурорлар тексеріс кезінде бұл қызметтердің көбі тек құжатта ғана бар екенін анықтады. Қазіргі таңда бұл қаржы толықтай қайтарылды. Мұнымен қоса, стоматология саласында да осыған ұқсас қылмыс әшкереленді. Екі клиника үш дәрігердің атын жамылып, электронды жүйеге 40 мың жалған қызметті енгізген. Олар әсіресе жүкті әйелдер мен балаларға ем көрсеткендей етіп көрсетіп, тағы 200 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз иеленген. Тіпті, кейбір дәрігерлер бір мезгілде бірнеше жерде жүздеген науқасты "қабылдаған" болып шықты. Бұл деректер бойынша тергеу басталып, іс сотқа жолданды.