Су тасқыны мен құрғақшылықты болжайтын жаңа жүйе іске қосылмақ

8
2026-04-15

 Қазақстанда су тасқыны мен құрғақшылық тәуекелдерін жоғары дәлдікпен болжайтын жаңа жүйе іске қосылмақ. «DeepBas» деп аталатын интеграцияланған технология су ресурстарын басқаруды толық цифрландыруға мүмкіндік береді. Бұл жүйе әртүрлі көздерден деректерді жинап, су балансын есептейді және ресурстарды тиімді бөлу бойынша негізделген шешім қабылдауға көмектеседі. Жаңа жобаның маңызы мен оны іске асыру тетіктерін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев талқылады. Кездесуде жүйенің жұмыс принциптерін пысықталып, оны енгізудің пилоттық бағыттары айқындалды. Басты назар – ақпараттық қауіпсіздік пен жерасты суларының жай-күйін тұрақты бақылауға аударылмақ. Мамандардың айтуынша, бұл технология табиғи апаттардың алдын алып қана қоймай, еліміздің су қауіпсіздігін нығайтуда стратегиялық рөл атқарады.