Қазақстанда зейнетақы жүйесіне енгізілген жаңа өзгерістер азаматтарды әлеуметтік қорғалуын күшейтуді көздейді. Енді аннуитеттік зейнетақы иесі қайтыс болған жағдайда, қорда қалған қаражат мұрагерлерге бұрынғыдай бөліп емес, біржолғы төлеммен берілуі мүмкін. Сонымен қатар, жұмыс істейтін азаматтар үшін қосымша мүмкіндік қарастырылып, жұмыс берушілер есебінен төленетін жаңа зейнетақы жарнасы енгізілді. Бұл өзгерістер қызметкердің жалақысына әсер етпей, болашақтағы зейнетақы көлемін арттыруға бағытталған.