Жамбыл облысы, Жуалы ауданында игі дәстүр жалғасын тапты. Алатау ауылының ақсақалдары «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына үлес қосуға бастамашы болып, тұрғындарды ортақ іске жұмылдырды. Табиғатты қорғауға ниет білдірген жастар қауымы аға буын өкілдерімен біте қайнаса «Шоңқара» бұлағының көзін ашып, оның айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді. Бастау суы ауыл шаруашылығында, әсіресе егістік алқаптарын суаруда молынан пайдаланылады. Іс-шара соңында қатысушылар ел тұрғындарын табиғи су көздерін қорғап, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды. Айта кетейік,"Мөлдір бұлақ" экологиялық акциясының алғашқы кезеңі биыл наурыз айында Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында өткен болатын.