Түркістанда «болашақ ағашы» атанып кеткен павлонияны өсіру кең етек алып келеді. Әлемдегі ең жылдам өсетін ағаштың бірі - павлония қазір Түркістан қаласының кіреберісінде де жайқалып тұр. Оған қоса Келес, Сарыағаш, Жетісай аудандарында да жапырақ жайған. Қазір өңірде ағаштың алпыс мыңнан астам түбі мен ондаған гектар алқабы бар. Ол жылына бірнеше метр өсіп, биіктігі 20-25 метрге дейін жетеді. Ағаштың бұл түрі өндірістік мақсатта да пайдаланылады. Оның діңгегі жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз өндірісінде қолданылады. Қайық, шаңғы, музыкалық аспаптар әзірлеуге де қажет.