Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды. Оны Қазақстан ішкі істер министрлігі интерпол арналары Камрань қаласында құрықтаған. 2 миллион 400 мың оқырманы бар блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казиноның жарнамалық бейнематериалдарын жариялап, халықты құмар ойындарға қатысуға тартқан. Осылайша, ол заңсыз жолмен 100 млн теңгеден астам қаржыны қалтасына басыпты. Қазіргі уақытта Қайсар Қамзаны елге экстрадициялау мәселесі шешілуде. Еске сала кетейік, былтыр блогерге осындай заңсыз әрекеттері үшін 1 млн 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынған болатын.