Бала күтіміне қатысты қаражат қашан түседі?

7
2026-04-14

Елімізде бала күтіміне қатысты төлемдердің уақтылы берілмеуіне  қатысты шағымдар көбейе бастады. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, кідіріс техникалық ақаудың салдарынан болған көрінеді. Әрі төлемдердің кешігуі банктің жұмыс кестесіне де байланысты. Өткен аптаның жұма күні жолданған қаражат мемлекеттік корпорацияның шоттарына кешегі дүйсенбі күні түсіпті. Қазір ақша мемлекеттен қаржылай қолдау алатын азаматтардың   банк карталарына кезең-кезеңімен аударыла бастады,-деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.