Енді көз жанарыңның саулығын сақтау үшін алысқа сабылудың қажеті жоқ. Түркістан қалалық орталық ауруханасында жаңа офтальмология бөлімшесі іске қосылды. Бұған дейін травмотология құрамында болған қызмет мамандандырылған орталық деңгейіне көтерілді. Енді мұнда тек өңірдің тұрғындары ғана емес, өзге аймақтардан келетін азаматтар да жоғары білікті медициналық көмекке қол жеткізіп, күрделі көз оталарын жасата алады.