Ашық аcпан астында 2500 ге жуық білімгер бас қосып, интелектуалды ойында бақ сынасты. 8 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан «Al-Farabi» республикалық сайысына биыл еліміздің 7 өңірінен 500 ге жуық команда келген. Олар өз білім деңгейі мен логикалық ойлау қабілеттерін танытып, шапшаңдықпен сұрақтарға жауап беруі керек. Ең көп ұпай жинаған 45 команда келесі кезеңге жолдама алады. Жүлде қорына тігілген 3 миллион теңгені қанжылауға мүмкіндіктері болады. Іс-шараны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы мен Кентау қаласының әкімі Жандос Қалмырзаұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.