Түркістан облысында 30-ға жуық жолаушысы бар автобус апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты. Тағы төрт азамат жарақаттанған. Оқиға Сарыағаш-Шымкент тас жолында болды. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, автобус Шымкентке қарай бет алған. Сол кезде қарсы бағыттан Audi маркалы жеңіл көлігі шығып, автобуспен соқтығысады. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен көліктегі 2 жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Автобустағы 30 жолаушының 4-уі түрлі жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Қазір оқиғаның мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке-басы анықталып жатыр.