Әлемде «Ковид 19-дың» жаңа штамы таралып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күллі адамзатты әлекке салған вирустың мутацияланған түрін бақылауда ұстап отыр. «Цикада» деп бейресми атау берілген вирус 23 елде анықталыпты. Дерттің белгілері «Ковидтен» ерекшеленбейді. Науқаста дене қызуы, жөтел, тамақ ауруы секілді жағдай болады. Сала мамандары жаңа штамнан үрейленуге негіз жоқ дейді. Бірақ, сақтық қажет-ақ. Қазір ауыр жағдай немесе тұрғындардың қайтыс болуы секілді фактілер тіркелмеген.