Шымкентте полицейлер заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты

15
2026-04-13

Шымкентте заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің шетел азаматтарын елге әкеліп, оларды заңсыз жолмен тіркеуге алғаны, құжат рәсімдегені  анықталды. Арнайы операция кезінде қала аумағында 28 тінту жүргізілді. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, жалған еңбек шарттары, түрлі бланкілер, сондай-ақ байланыс құралдары мен ұйымдастыру техникасы тәркіленді. Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша мен тіркелмеген қару алынды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты тергеу  жүргізілуде.