Өткен түні Астана қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты. Оқиға орнына құқық қорғау органының қызметкерлері жедел жетіп, аумақты толығымен қоршауға алған. Тілсіз жаудың салдарынан үш бала мерт болды. Өрт сөндірушілер, күйік шалған әйелді құтқарып, ауруханаға жеткізді. Ал жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетімен шығып үлгерген. Қазіргі уақытта өрт кезінде қаза тапқан балаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті мәлімдеді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Министрліктің ресми ақпаратына сәйкес, тергеу қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі.