Түркістан облысында балықшылардың бағы жанатын күн! Бүгін «AUYL FEST. Балық аулау – 2026» фестивалі бастау алды. Шара аясында қалқымалы қармақпен және спиннингпен балық аулаудан нағыз майталмандар бақ сынаспақ. Қазір жағалаудағы қызу дайындық пен алғашқы ауланған балықтардың жайын тікелей байланысқа шыққан тілшіміз Бекболат Тілеуберген тарқатып айтады. Бекболат фестиваль қалай өтіп жатыр?