Заңсыз тасталған қоқыс үйінділері жойылды

8
2026-04-10

Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында заңсыз тасталған қоқыс үйінділерімен күрес күшейді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, акция басталғалы бері 4 мыңнан астам стихиялық қоқыс полигоны анықталған. Тәртіп сақшылары белгіленбеген орындарға қалдық тастау жәйттерін анықтап, абаттандыру қағидаларын бұзғандарды жауапқа тартуда. Бүгінгі таңда 722 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілген.Тазалық талаптарын сақтамағаны үшін тек жеке тұлғалар ғана емес, сонымен қатар лауазымды тұлғалар, тіпті әкімдіктер мен коммуналдық қызмет өкілдері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Ақмола облысының Бурабай ауданында полиция мен еріктілер бірлесіп ауқымды тазарту шарасын өткізді. Туристік аймақты қоқыстан аршуға эко-белсенділер де атсалысып, нәтижесінде бір күннің ішінде үш тоннадан астам қалдық шығарылды.