Жыл басынан бері Түркістан облысының бюджетіне салық есебінен 250 миллиард теңгеге жуық кіріс түскен. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қазына 40 миллиард теңгеге көп қаржымен толығып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл өңірде 2 млрд теңгеден астам қосымша кіріс көздері анықталып, салық артығымен өндірілген. Сондай ақ, басқарма жыл басынан бері азаматтарға электронды форматта 500 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіпті.