Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялағандар мемлекеттік награда алды

3
2026-04-10

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты әуе кеңістігінің жабылуы ақпан айында мыңдаған отандасымыздың елге оралуын қиындатқан еді. Осы бір қиын кезеңде кәсіби шеберлік танытып, эвакуациялау жұмыстарын мінсіз атқарған авиация саласының мамандары мен мемлекеттік орган қызметкерлері марапатталды. Президент атынан мемлекеттік наградаларды Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр табыстады. Награда иелерінің қатарында ұшқыштар, жерүсті қызметінің мамандары мен ведомствоаралық топ өкілдері бар. Еске салсақ, наурыз айының алғашқы онкүндігінде Дубай, Шарджа, Жидда мен Маскат қалаларынан барлығы 66 рейс ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Air Astana», «SCAT» және шетелдік әуе компанияларының көмегімен 10 275 Қазақстан азаматы аман-есен Отанына оралды.