Созақ ауданының сайын даласына 950 млн текше метрден аса су жіберілді. Тіршілік көзі Тасөткел су қоймасынан Шу өзені арқылы алқапқа жайылды. Су және ирригация министрлігі аймақтағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін 40 жыл бойына аршылмаған Фурманов айналма каналының арнасын тазартқан болатын. Ондағы жұмыстар былтыр шілдеде басталып, желтоқсанда аяқталды. Қазір Шу өзені арқылы теріскей атырабына секундына 40 текше метрге жуық су жіберіліп жатыр.