Ақтөбеде жалған құжат жасаумен айналысқандар құрықталды. Заңсыз әрекетке барған бір топ азамат халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері болып шықты. Олар шетел азаматтарына қажетті құжаттарды заңсыз рәсімдеп сол қызметтері үшін ақы алып отырған. Бүгінде қылмыстық іске қатысты жедел-тергеу іс-шаралары жалғаып жатыр.