Түркістан
EN

Ескі бұйымдардан ел таңқалатын құрылғылар жасауда

100
08.04.2026

Бір кездері қажетсіз деп танылған тұрмыстық заттар бүгінде заманауи жобалардың маңызды тетігіне  айналып, кәдеге жарауда. Ауыл мектебінің оқушылары мен ұстаздарының тың идеялары қарапайым заттарға жаңа өмір сыйлап,  инновацияға жол ашып отыр. Отырар ауданындағы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектептің шеберханасында уақытпен үндескен ақылды қоңырау,  деректі дыбыстайтын робот пен Жасанды интеллект платформасына негізделген  цифрлы көмекші құрастырылған. Заманауи құрылғылардың жұмысымен әріптесім Шынар Мұратхан танысып қайтты.