Шегірткеге қарсы күреске 100-ден астам дрон жұмылдырылады

4
2026-04-08

Шегірткеге қарсы күреске пайдаланылатын  ұшу аппараттары паркін жасақтау  жұмыстары толық аяқталды. Биыл ауыл шаруашылығы алқаптарын химиялық өңдеу үшін 46 агродрон қолданылмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Үйірлі зиянкестер көбіне дала, шөл, тау бөктері мен өзен аңғарларына  таралады. Мұндай аумақтарда залалсыздандыру ісін жүргізуге ең қолайлы құрал ұшқышсыз аппараттары.   Олар шегірткелердің өсіп-өнетін ошақтарын жедел анықтап, мониторинг ауқымын кеңейтеді. Маусым алдында барлық техника толық тексеруден өтті. Ұшу қауіпсіздігі, бүрку жүйесі мен басқару тұрақтылығына ерекше назар аударылды. Соңғы жылдары фитосанитариялық бақылау күшейтілді. Дрондар паркі де айтарлықтай жаңарған. Қазір бақылау жұмыстарына жалпы 57 ұшқышсыз аппарат тартылып отыр. Бұл зиянкестерге қарсы жедел әрекет етудің, ауыл шаруашылығын дақылдарын қорғаудың заманауи әрі тиімді жолы саналады.