Түркістан
EN

Леңгірде тұрғындар апатты жағдайдағы үйде өмір сүруде

202
14.04.2022

Түркістан облысына қарасты Леңгір қаласының тұрғындары үрей құшағында отырғанын айтады. Мысалы жаңбыр жауса пәтердің іші суға толса, жел соқса электр сымдары үзіледі екен. Қос қабатты сегіз үйдің іргесі 90 жыл бұрын салынған. Содан бері бірде бір рет жөндеу көрмепті. Бүгінде  баспаналардың әбден тозығы жетіп, құлаудың алдында тұр.  Үйлер екі жыл бұрын бұзылуы керек еді. Жергілікті билік оған қаржы жоқ екенін айтады. Ал тұрғындар болса басшылықты бұл жауабына көңілдері толмайды. Себебі апатты жағдайда тұрған баспана кез келген уақытта қирап, үйіндінің астында қалуы мүмкін дейді.