Ақтөбе әкімдігіндегі өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

4
2026-04-08

Ақтөбеде облыс әкімдігінің ғимараты өртке оранды. Тілсіз жау алты қабатты мекменің  шатырынан шығып, 300 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін 140-тан астам қызметкер мен 40 бірлік техника жұмылдырылды. Апатқа байланысты, бүгін әкімдік қызметкерлері қашықтан жұмыс істейды. Қазіргі уақытта әкімдік ғимараты электр желісінен толық ажыратылып, оқиға орнында жедел штаб құрылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.