55 миллиард теңге инвестиция тартылған

11
2026-04-07

Түркістан облысының экономикасына 55,4 млрд теңге инвестиция тартылып, 3 мың 652 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл Түркістан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бір жылдағы жұмыс нәтижесі. Орталық өткен жылы 28 мыңнан астам кәсіпкерге заң кеңесін беріп, 3 мыңға жуық бизнес-жоспар әзірлеген. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы, өндіріс және сауда салаларында 343 ірі жоба іске асты. Биыл  35,3 млрд теңгеге болатын  338 жобаны қолға алмақ. Егер межелі іс орындалса, 2 мыңнан астам азаматтың жұмысқа орналасуына мүмкіндік туады.  Сондай-ақ, «Аға сеньорлар» бағдарламасы аясында 10 шетелдік сарапшы Түркістанға келіп, кәсіпкерлермен тәжірибе алмаспақ.