Экономиканы монополиядан арылту жөніндегі комиссия отырысы өтті

11
2026-04-07

Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканы ырықтандыру және монополиясыздандыру шараларын жеделдету бойынша нақты тапсырмалар берді. Отырыс барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген  міндеттер аясында дәрі-дәрмектерді нарыққа шығару мерзімін 100 жұмыс күніне дейін қысқарту, цифрландыруды күшейту, тарифтік шектеулерді азайту және бәсекелестікті дамыту мәселелері қаралды. Сондай-ақ мемлекеттік мүлік тізбасын жаңарту, энергия және коммуналдық сектордағы субсидияларды оңтайландыру, мобильді құрылғыларды верификациялау және электронды құжат айналымы нарығын дамыту бойынша нақты міндеттер жүктелді.