Түркістан
EN

Түркістан облысында халықаралық маңызы бар жол салынуда

81
06.04.2026

 Сарыағаштағы сағаттап тұратын кептеліс пен тар жолдың тауқыметінен құтылатын күн алыс емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен өңірдегі ең ірі инфрақұрылымдық жоба - Сарыағаш қаласының айналма жолының құрылысы басталды. 100 шақырымнан асатын көлік дәлізі елімізді Орталық Азияға шығатын басты қақпамен жалғасып, транзиттік әлеуеттімізді  еселей түспек.