Түркістан
EN

Былтыр берілген үйлерге тұрғындар неге көше алмай жүр?

232
14.04.2022

Түркістанда өткен жылы пайдалануға берілген жаңа үйлерге тұрғындар әлі қоныстана алмай жүр. Өйткені қағаз жүзінде қолданысқа берілген баспанада не су, не электр, не жылу желілері жүргізілмеген. Мемлекеттік бағдарламамен алған пәтерлеріне кіре алмай жүрген жұрттың мәселесіне қатысты бүгін қала әкімі жауап берді. Сондай-ақ Нұрбол Тұрашбеков БАҚ беттінде қызу талқыланған мемлекеттік меншіктегі ғимараттар сатылып жатыр деген ақпарат жайында мәлімдеде жасады. Түркістанда жаңдан салынған үйлердің мәселесіне қатысты тұрғындардан шағым көбейді. Түркістан қаласындағы мемлекеттік меншіктегі ғимараттар сатылып жатыр. Атап айтқанда, Сапар орталығы, Шығыс моншасы. Жаңадан салынған нысандарды сатуға облыс әкімі тапсырма беріпті. Дәл осындай мәтіндегі деректер барлық БАҚ беттерінде қызу талқыға түсті. Жергілікті әкімдік ел арасында резонанс тудырған бұл дерекке қатысты жауап берді. Олардың айтуынша, ешқандай мекеме сатылмаған. Тек сенімгерлік басқаруға берілген екен. Қаладағы ғимараттарды сенімгерлік басқаруға берудің бірнеше себебі бар. Мәселен, Сапар орталығының сапасы кеткен. Орталықтың бұрынғы басшысы ғимарат ішін заңсыз бизнес алаңына айналдырған. Нысанның көркі кетіп, ауласы қоқысқа толған. Сондықтан осындай шешім қабылданған дейді жауаптылар.