Ақмола облысында ауыл іргесінде орналасқан бөгет бұзылды

8
2026-04-06

Ақмола облысында бөгет бұзылды. Қорғалжын ауданындағы Сабынды ауылы маңында орналасқан Шөптікөл бөгетінде апат болды. Салдарынан су алқаптармен ағып өтіп, елді мекен аумағына жайылған.  «Астана – Қорғалжын» тас жолының 75-шақырымы тұсында су жолды кесіп өтуде. Дегенмен, көлік қозғалысына қауіп жоқ, жол жамылғысы бүлінбеген. Жағдайды әрі қарай күрделендірмеу үшін  жедел шаралар қабылданып жатыр. Жол қызметтері мен құтқарушылар бөгетті нығайтып, суды қауіпсіз бағытқа бұруда. Апат салдарын жоюға 170-ке жуық адам мен 40-қа жуық техника жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша, жағдай тұрақты бақылауда.