Күрделі отаның көбі жүрекке жасалған

31
2026-04-03

Шымкент қаласының дәрігерлері  биылғы жылдың  алғашқы тоқсанында 106 күрделі операцияны сәтті жасады. Оның ішінде жүрекке жасалған операциялардың үлесі басым. Қазір мегаполисте елордадан келген білікті дәрігерлер шеберлік сағатын өткізіп, жергілікті мамандармен тәжірибе алмасуда. Мұндай кәсіби байланыс медицина қызметінің сапасын арттыруға ақпал етпек. Сондай-ақ, сала өкілдері қалалық ауруханаларда отызға жуық науқасқа дәрігерлік кеңес берді. Бұл туралы Шымкент қаласында БАҚ өкілдерімен өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Инна Глазебная мәлімдеді.