Түркі әлемінің бойтұмары - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қысқы апаттық жағдайдан аман өтті. 630 жылдық тарихы бар жәдігерді ылғал мен суықтан қорғау үшін биыл мамандар төтенше шаралар қабылдаған. Бүгін «Әзірет Сұлтан» қорығында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаппай тазалық жұмыстары басталды. Кесене ішіндегі бірегей сталактиттердің жай-күйі қалай? Көне мұраны сақтап қалудың жаңа жоспары қандай? Тілшіміз Дана Қазыбек тарқатады.