Түркістан
EN

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

70
02.04.2026

 Түркістан облысында аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші 100 пайызға жетті. Ведомствоаралық комиссия отырысында белгілі болғандай, өңірдегі жалпы қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендеген. Бүгінде облыста әр 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс көрсеткіші республикалық деңгейден айтарлықтай төмен. Дегенмен, интернет-алаяқтық дерегінің 40 пайызға артуы — мамандарды алаңдатып отырған басты мәселе. Сонымен қатар, есірткі тасымалымен күрес те күн тәртібінде. Жыл басынан бері бұл бағытта 78 дерек тіркеліп, 7 келіден астам заңсыз зат тәркіленді. Мониторинг нәтижесінде есірткіні жарнамалаған 200-ден астам интернет-ресурс бұғатталды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құқық қорғау органдарына қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен киберқылмысқа тосқауыл қою бойынша нақты тапсырмалар берді.