Нұралхан Көшеров Түркиядан келген делегацияны қабылдады

10
2026-04-01

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркиядан келген делегацияны қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Әсіресе, өңірдің туристік әлеуетін арттыру мен тарихи-мәдени мұраны бірге насихаттауға басымдық берілді. Аймақ басшысы Түркістанда инвестиция тартуға қолайлы жағдай қалыптасқанын атап өтіп, шетелдік серіктестермен жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар әуе қатынасын кеңейту мәселесі де назардан тыс қалмады.