Биыл 6 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ

11
2026-04-01

Түркістан облысында биыл 67 инвестициялық жоба іске қосылып, шамамен 6 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Өңір басшысының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде алдағы 3 жылдың инвестициялық жобалары қайта қаралып, жалпы құны 2,8 трлн теңге болатын 122 жоба жасақталды. Биылдың өзінде 369,4 млрд теңгеге бағаланған жобалар жүзеге асырылады. Бүгінде аймақтарда өндірістік парктердің құрылысы да қарқынды. Дегенмен, кей аудандарда инфрақұрылым тартылғанымен, нысандардың бой көтеруі баяулап қалған. Өңір басшысы жұмысты ақсатқан жауаптыларға қатаң ескерту жасап, инвесторларға жағдай жасауды және мерзімді сақтауды тапсырды.