Танымал брендтерді қолдан жасаған жасырын цех жойылды

12
2026-04-01

Абай облысында  лицензиясыз алкоголь өндірумен айналысқандар ұсталды. Семей қаласында жалға алынған жасырын цех спиртті сумен араластыру арқылы ішімдік әзірленіп,  кейін танымал брендтердің атауы жазылған бөтелкелерге құйған. Ал, өнімге заңды сипат беру үшін алдын ала қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркалары пайдаланылыпты. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.