Инклюзивті спортты дамыту мәселесі талқыланды

9
2026-04-01

Елордада Сенат жанындағы инклюзия жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиында мүгедектігі бар жандарды оңалтудағы инклюзивті спорттың рөлі мен дамуы кеңінен талқыланды. Қатысушылар өңірлердегі инфрақұрылымның тапшылығы мен білікті жаттықтырушылардың аздығын, сондай-ақ бірыңғай әдістеменің жоқтығын басты кедергі ретінде атап өтті. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев инклюзияны қолдау — «Әділетті Қазақстан» құрудағы негізгі қағидат екенін жеткізді. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған заманауи инклюзивті спорт орталығы кешенді қызмет көрсетуде. Мұнда азаматтардың тек жаттығып қана қоймай, емделуге және оқуына мүмкіндік жасалған. Ресми дерекке сүйенсек, қазір ел бойынша 16 арнайы клуб пен 2 спорт мектебінде 8 мыңға жуық спортшы тұрақты шынығып жүр.