Түркістан облысында биыл 1 миллион түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланып отыр. Өңірде көгалдандыру жұмыстары жыл сайын қарқын алып келеді. Бұл бастама экологиялық ахуалды жақсартып, елді мекендерді жасыл желекпен көмкеруге бағытталған. Қазірдің өзінде бұл іске жергілікті тұрғындар мен еріктілер де белсенді атсалысуда.