Үкімет резервінен бөлінген қаржыға жаңа балабақша ашылды

7
2026-03-31

Ақтөбе облысында Президент тапсырмасы нақты нәтиже берді. Су тасқынынан зардап шеккен білім ошақтарын қалпына келтіру аясында «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасы пайдалануға берілді. Үкімет резервінен бөлінген қаржыға бой көтерген бұл нысан 150 бүлдіршінге шақталған. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев бастаған лауазымды тұлғалар мен ауыл ақсақалдары және ауыл тұрғындары қатысты. Айта кетейік, заманауи талапқа сай жабдықталған балабақша құрылысы 2024 жылы басталған болатын. Бой көтерген ғимарат енді ауыл балаларының сапалы тәрбие алатын басты мекеніне айналмақ. Осылайша, табиғи апаттан зардап шеккен аймақтағы әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары сәтті жалғасып жатыр.