Қызылордалық тұрғын ақысын төлесең мұғалім боласың деген алдауға сенген. Нәтижесінде 850 мың қаржысынан қағылды. Нақтырақ айтсақ, 11 сәуір күні Қызылорда қалалық полиция басқармасына қоңырау түскен. Азаматша өзінің арызында алаяққа алданғанын айтқан. Оған өткен жылдың тамыз айында мұғалімдікке жұмысқа орналастырып беремін деп уәде берген. Сөйтіп 850 мың теңгесін қағып алған. Бірақ көп ұзамай, азамат телефонға жауап бермей жоқ болып кеткен. Жедел іздестіру шараларанының нәтижесінде, облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Қазір аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде.