Аралды құтқаруға қатысты бес келісімге қол қойылды

4
2026-03-31

Астанада Арал теңізін құтқарып қалуға қатысты бес бірдей келісімге қол қойылды. Аралды құтқару халықаралық қорының ұйымдастырушылық құрылымы мен құқықтық базасын жетілдіру бойынша шешімдер қабылданды. Одан бөлек Сырдария өзені бассейнінде суды есепке алудың, бөлудің бірыңғай жүйесін енгізу жөнінде жұмыс жоспары әзірленді. Аралды құтқару қорының жиынына Орта Азиядағы мемлекеттердің өкілдері қатысты. Жиында еліміздің су ресурстары және ирригация министрлігі Көкарал бөгетін жөндеуден өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Айта кетерлігі, еларалық келісімдердің арқасында соңғы 3 жылда теңізге 6 млрд текше метрден аса су келген. Қазір солтүстік Аралда су 23 млрд текше метрге дейін көбейген.