Әскерге шақырылушыларға жасалған жағдай тексерілді

8
2026-03-30

Елордада әскерге шақыру науқаны қызған тұста іріктеу жұмысының барысы жіті бақылауға алынды. Қорғаныс министрінің орынбасары жинау пунктіндегі жүйенің қалай ұйымдастырылғанын көзбен көріп, оның тиімділігіне баға берді. Бүгінде мұнда дәстүрлі тәсілдерден гөрі заманауи цифрлық шешімдерге басымдық берілген. «Smart-военкомат» пен «e-Медосмотр» жобаларының енгізілуі шақыру үдерісін жеделдетіп қана қоймай, ашықтық пен нақтылықты қамтамасыз етіп отыр. Жауапты мекемелер қатысқан жиында әскерді жасақтау тетіктері мен өзара үйлесімді іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды. Бұл – әрбір шақырылушы үшін әділ әрі жүйелі тәртіптің қалыптасуына негіз болмақ. Тексеру қорытындысы елордалық жинау пунктінің жұмысы талапқа сай екенін көрсетті. Мұнда барлық процесс нақты жолға қойылып, болашақ сарбаздар үшін қажетті жағдай толық қамтамасыз етілген.