Заңсыз айналымнан 300 келіден астам есірткі тәркіленді

6
2026-03-30

Ұлытау облысында есірткі жеткізу ісімен айналысқан ірі  топтың жолы кесілді. Заңсыз әрекет елдің оңтүстік аймағында ұйымдастырылған. Жезқазған – Қарағанды автожолында есірткі жеткізу бағытын бақылап жүрген бес азамат кезекті сапарларының кезінде қолға түсті. Көлікті тінту барысында салмағы 300 келіден асатын есірткі заты салынған 13 қаптама табылған.  Алдын ала есеп бойынша, бұл бір миллионға жуық тұтыну көлеміне тең.  Тәркіленген тауардың қара нарықтағы бағасы шамамен үш миллион АҚШ доллары. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Ішкі істер министрлігі  есірткіні өндіру мен таратуға бағытталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да  жалғасатынын мәлімдеді.