Осыдан бір апта бұрын, яғни 23 наурызда Келес өзеніне суға кеткен 8 жасар бала әлі де табылған жоқ. Іздеу жұмыстарына құтқарушылармен қатар жергілікті тұрғындар да жұмылдырылған. Оған жалпы саны 200-ге жуық адам, 15 техника, 3 жүзу құралы және 2 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған. Алайда күні бүгінге дейін, бүлдіршін туралы ешқандай жаңа ақпарат анқталмады. Абай ауылында тұратын бүлдіршін кешкі сағат 5 шамасында қатарластырамен ойнап жүріп, өзенге түсіп кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе, балаларды қараусыз қалдырмау қажет екенін ескертеді.