Түркістан
EN

Мұз үстінде қалып қойған ер адам құтқарылды

28
30.03.2026

 Солтүстік Қазақстан облысында  егде жастағы ер адам жұқа мұз үстінде қалып қойып, өзенге батып кете жаздады. Қиын жағдайға ұшыраған азамат айналасынан көмек сұрап, айғайлаған. Оның дауысын жолдан өтіп бара жатқан тұрғын естіп, құтқарушыларды жедел көмекке шақырыпты. Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына жылдам жетіп, ер адамды аэроқайықтың көмегімен жағаға алып шықты.  Зардап шеккен азаматқа тиісті медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жеткізілді.